Басты бетМәдениетЖазушы Рафаэль...

Жазушы Рафаэль Ниязбек қайтыс болды

Көрнекті жазушы Рафаэль Ниязбек 1943 жылы 24 наурызда Жамбыл облысы, Талас ауданының қазіргі Тамабек ауылында дүниеге келген. 1978 жылы Қазақ ұлттық университетінің «Филология» факультетін тәмамдады.

1967 жылы Қазақ радиосы әдебиет редакциясында қызметке орналасты. 1971-1977 жылдары «Жұлдыз» журналында, 1977-1991 жылдары «Жазушы» баспасында редактор болып істеген. Ол – Шешен Респуликасының ең жоғарғы мемлекеттік «Ұлт намысы» орденінің иегері, Шешенстан мемлекеттік және Ілияс Жансүгіров атындағы сыйлықтардың лауреаты.

Сонымен бірге ақынның «Қаратау мен Алатау», «Темірқазық», «Жалын кешкен», «Жер жанары», «Өркен», «Биіктей бер, тауларым», «Жетіген», «Тамұқ отына жанбаған», «Шешендер», «Ичкерия» атты жыр кітаптары жарық көрді.