Басты бетҚоғамЮНЕСКО тәліптерді...

ЮНЕСКО тәліптерді қыздарға арналған мектептерді ашуға шақырды

Ауғанстанның болашағы − ауған қыздары мен ұлдарының білім алу мүмкіндіктеріне тікелей байланысты. Біз Ауғанстанның тиісті өкілдері мен органдарына мектептерді ашу кезеңінде барлық балаға еш кедергісіз білім алуға мүмкіндік беруге шақырамыз. Мектептерге әйел мұғалімдерді қайтару да өте маңызды, − дейді Одрэ Азуле.

Елдегі билікті басып алған «Талибан» қозғалысының жетекшілері БҰҰ өкілдеріне қыздар мен әйелдердің білім алуына еш кедергі келтірмейтіні туралы бірнеше рет уәде берген. Алайда кейінгі күндері олар мектептердің тек ұл балаларға ғана ашылатынын мәлімдеді.

Қыздардың мектепке қашан баратыны туралы ештеңе айтылмаған. ЮНЕСКО өкілінің айтуынша, егер қыздар дер кезінде оқуға бармаса, оның салдары ауыр болуы мүмкін. Сонымен қатар ол ауған балаларының құқығын қорғайтынын, олардың білім алу құқығы ұжымдық жауапкершілік екенін мәлімдеді.