Астанада Қар күні атап өтілді

Аталған мереке Халықаралық шаңғы федерациясының мұрындық болуымен белгіленген. Оған қатысушылардың жас мөлшерінде шек жоқ: еңбектеген баладан — қарияға дейін қатысуға болады. Әркім шамасы келетін қашықтықта күш сынасады.

Қар күні әр елде ұйымдастыралатын мереке. Астанада алғаш рет 2012 жылы ұйымдастырылған. Биылғы бесінші мерекеге екі жүзге тарта үміткер қатысты. Алты жасқа дейінгілер 50 метр жүгірді. Үш мың метрлікте өнер көрсеткендер бар. Қазақстан шаңғы спорты федарациясының вице-президенті Никита Девяткин бәсеке көрігін қыздыру үшін айналым сайын көш соңында қалған екі спортшыны шығарып тастап отыратын жарыс өткізуге шешім қабылдағанын айтты. Кімнің күші көп, жүлде соған тиесілі.

Сұлу Шертай, жарыс жүлдегері:

 «Замандас» деген клубтан маған шаңғыдан Қар күніне келсін деді. Сосын менен анам сұрады: «жарысқа қатысасың ба?» деп, мен «жарайды» дедім. Екінші орын алдым.

Дереккөз24.kz