Медицина мекемелерінде фото мен видео түсіруге енгізілген шектеу алынып тасталды

Атап айтқанда, денсаулық сақтау ұйымдарында, жедел жәрдем көліктерінде, жергілікті атқарушы органдар карантинге жатқызған үй-жайларда науқастар мен медициналық қызметкерлерді, сондай-ақ медициналық қызметкерлердің үйде медициналық көмек көрсетуі кезін, індет ошағында эпидемиологиялық тексеру жүргізу сәтін, сауалнама жүргізу және науқастар мен байланыстағылардан жауап алуды олардың келісімінсіз аудиоға, фото мен видеоға түсіруге қатысты қарастырылған шектеу алынып тасталды.

Айта кетейік, Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың 2 қыркүйектегі № 38 қаулысына өзгеріс енгізілді.