Басты бетҚоғамАлматы күні...

Алматы күні қарсаңында «Қаланың құрметті азаматы» атағы кімдерге берілді?

Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Белгілі қоғам және саяси қайраткерлер, ғылым мен білімнің, медицина мен мәдениеттің, кино мен әдебиеттің қызметкерлері қоғамға қызмет етеді, мегаполистің дамуына белсенді қатысады, — делінген хабарламада.

Алматы, құрметті азаматтар
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қаланың қоғамдық-саяси өмірінің түрлі саласының өкілдеріне «Қаланың құрметті азаматы» атағы берілді, сонымен қатар «Еңбегі үшін» төс белгісі тапсырылды. Алматы әкімі қала тұрғындары атынан алғыс айтып, ризашылығын білдірді.

Сіздер бәрімізге үлгісіздер әрі жоғары марапаттар мен құрметке лайықсыздар. Қала тұрғындары мен өз атымнан жанқиярлық еңбегіме ризашылығымды білдіремін және өркендеуіңізді тілеймін!, — деді Бақытжан Сағынтаев.

Алматы, құрметті азаматтар
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы, құрметті азаматтар
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы, құрметті азаматтар
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

«Қаланың құрметті азаматы» атағы берілді: қоғамдық және мемлекеттік қызметкер Темірхан Досмұхамбетов, атақты музыкатанушы, профессор, Қазақстан Республикасы композиторлар одағының және Қазақстан музыкалық қайраткерлері одағының мүшесі Аравин Юрий Петрович; Академик, Қазақ КСР еңбек сіңірген сәулетшісі, Қазақстан сәулетшілер одағының мүшесі Тоқтар Ералиев; «Шырақ» мүгедек әйелдер қауымдастығы қоғамдық бірлестігінің төрағасы, қала әкімі жанындағы мүгедектік мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің мүшесі Ләззат Қалтаева; Қазақстан Республикасының халық әртісі Нұрғали Нүсіпжан.

Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы, құрметті азаматтар
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі