Қарағанды облысында дала өртін сөндіру кезінде үш тұрғын күйіп қалды

Бұл туралы Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кеше, 17 қыркүйекте Қарағанды облысы аумағында Ақтоғай (жану алаңы — 200 гектар, 500 гектар, 2000 гектар), Қарқаралы (жану алаңы — 530 гектар, 300 гектар) және Шет аудандарында (аумағы — 40 гектар) 6 табиғи өрт сөндірілді.

Қарқаралы ауданының Балқантау ауылдық округіндегі табиғи өртті сөндіру кезінде 1989, 1979 және 1973 жылы туған Егіндібұлақ кентінің 3 тұрғыны ауруханаға жатқызылды. Олардың денесін 18, 28 және 90% термиялық күйік шалған, — деп мәлімдеді Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Бүгін, 18 қыркүйекте таңертең Ақтоғай ауданында 300 гектар алаңда табиғи өрт сөндірілді. Табиғи өрттерді жоюға 339 адам және 94 техника, оның ішінде төтенше жағдайлар департаменті (93 адам, 22 техника) және жергілікті атқарушы органдардың өртке қарсы ерікті құралымдары (246 адам, 72 техника) жұмылдырылды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Қарағанды облысының ТЖД (@qaragandy_tjd)