Басты бетҚоғамAntikor: Алдын...

Antikor: Алдын алу жұмысы мемлекетке қомақты қаражат үнемдейді

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, «сатып алудың бірыңғай терезесі» ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, мемлекеттік сатып алуларға мониторинг жүргізу шеңберінде 39 миллиард теңгеге (38,8 миллиард) жуық сомаға бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына жол берілмеді.

Агенттіктің талдаушылары «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Сатып алудың бірыңғай терезесі» жүйесі арқылы «қолма-қол» режимінде сыбайлас жемқорлықтың жоғары ықтималдығы бар тапсырыс берушілерді анықтайды.

Нәтижелер «тәуекел тобындағы» бюджеттік бағдарламалардың барлық әкімшілеріне жіберіледі. Негізгі мақсат-сатып алу жоспарының тармақтарын «барабар» бағаға қарай қайта қарау қажеттігі туралы ескерту.

Сондай-ақ, өзінің корпоративтік мәдениетіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйені енгізуге дайын бизнесті сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу жалғасып жатыр.

Protecting business and investments жобасы шеңберінде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, бизнес бетпе-бет келетін кедергілер жойылуда, мемлекеттік органдарға тиісті ұсынымдар жіберіліп жатыр.

Мысал ретінде Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеумен болған қаржы лицейінің «Білім күніне» ашылуы атап өтілді. Мектеп 600 оқушыға сапалы білім алуға мүмкіндік берді.

Жалпы, жоба аясында бизнес үшін 100-ге жуық әкімшілік кедергілер анықталды, олар «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы проблемалық мәселелер тізілімінде орналастырылған.