Басты бетҚоғамБелсенді азаматтар...

Белсенді азаматтар сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағартуға қатыса алады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, бұл – бүкіл халықтың ортақ міндеті.

Бұл үшін агенттік азаматтарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту жөніндегі іс-шараларға белсенді қатысуға шақырады.

Барлық өңірде парасаттылық мәдениетін ілгерілету жөніндегі кешенді жоспарлар іске асырылуда, оның шеңберінде білім беру, мемлекеттік қызмет, бизнес, мәдениет және дін бағыттары бойынша сарапшылар мен лекторлар пулдары құрылып жатыр.

Олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты түсіндіру және азаматтардың ұсыныстарын жинау бойынша түрлі форматтағы 400-ден астам іс-шара өткізді.

Олардың ішінде «Адалдық сағаты» акциясы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейне-дәрістер шығару, TEDx форматында белсенді жастармен және мемлекеттік қызметшілермен кездесулер өткізу.

Сондай-ақ, Adal kómek волонтерлік қозғалысы шеңберінде сыбайлас жемқорлықпен байланысты мәселелер бойынша тегін заң консультациясын беру және алу мүмкіндігі берілді.

Азаматтар агенттіктің аумақтық департаменттеріне жүгіну арқылы қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағартуына қатысуға дайын екендіктерін білдіре алады.