Жандарбек Бекшин жаңа қаулы шығарды

Бас санитар «қызыл» аймақтағы нысандардың жұмыс режимін белгіледі:

«Демалыс күндері барлық Ashyq нысаны — сағат 00.00-ге дейін, Ashyq «көшбасшылары» —  егер қызметкерлер мен келушілерде «жасыл» мәртебе болса (вакцинация, теріс нәтижесі бар ПТР-тест, сынамалар алынған сәттен бастап жеті тәуліктен аспайтын, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдар, кейінгі 3 ай ішінде ауырып жазылғандар) сағат 02.00-ге дейін, жұмыс күндері барлық Ashyq нысаны — сағат 00.00-ге дейін, Ashyq «көшбасшылары» — сағат 02.00-ге дейін», — делінген құжатта.

Ashyq көшбасшыларына келесі жеңілдіктер беріледі:

  • «қызыл» аймақта нысандар «сары» аймақ шектеулері бойынша жұмыс істейді;
  • жұмысшылардың кемінде 90% бірінші компонентті салдырған кезде, кейінгі үш ай ішінде аурудан айыққан, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімі бар адамдарды қоспағанда, нысанның толу деңгейі 20% артады.

Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енді.

Құжаттың толық нұсқасын мына сілтемеден көре аласыз.