Басты бетМедицинаБақытжан Сағынтаев...

Бақытжан Сағынтаев “Достық” станциясының атын өзгертуді ұсынды

Бақытжан Сағынтаев Facebook-парақшасында Қала күні қарсаңында мәслихатқа қоғамда талқыланып жатқан мәселелерді шешу туралы ұсыныс енгізгенін айтты.

Бұл Алматы метрополитенінде салынып жатқан екі станцияның атауын өзгертуге қатысты. «Достық» станциясына Бауыржан Момышұлының есімін беру ұсынылады. Болашақта «Западный» автовокзалы аталуға тиіс станцияға «Қарасай» атауы ұсынылмақ, — деп жазды Бақытжан Сағынтаев.

Айта кетейік, “Достық” станциясы Абай даңғылы мен Бауыржан Момышұлы көшесінің қиылысында салынып жатыр. Оның техникалық іске қосылуы осы жылдың соңына жоспарланған. «Западный» автовокзал станциясы Алматы облысы Қарасай ауданының шекарасында салынады.