Басты бетҚоғамЭкология министрлігі...

Экология министрлігі Талдыкөлді су объектісі ретінде қалдыруды ұсынды

Талдыкөл — су объектісі. Әкімдік өз құзыреті шегінде су қорының жерлерін елді мекендердің жерлеріне ауыстыру туралы қаулы шығарды. Су қорының жерлері басқа санаттарға табиғи немесе жасанды түрде жойылған, сондай-ақ су объектісінің көлемі кішірейген кезде ауыстырылады, — делінген хабарламада.

Ведомствоның хабарлауынша, көлдің қай бөлігі табиғи себептермен жоғалып кеткенін, су жинау алаңын салу нәтижесінде көлдің көлемі қаншалықты кішірейгенін зерттеу қажет.

Осыған байланысты қосымша зерттеулер жүргізу және олардың нәтижелерін ескере отырып, түпкілікті шешім қабылдау қажет. Министрліктің ұстанымы — Кіші Талдыкөл су объектісі ретінде қалдырылсын. Бұл ретте, қала құрылысының салдарынан көлге түсетін жаңбыр және еріген сулардың ағыны азайғанын назарға ала отырып, оны қосымша толтыру мен айналымға енгізу бойынша шаралар қабылдау қажет, — делінген хабарламада.