Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны жеке тұлға мынандай ерекше жағдайларды қайта ұсынады:
- сайланбалы немесе мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидат;
- банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы болғасы келетін тұлғалар;
- жоғарыда аталған адамдардың жұбайлары (зайыптары).
Сонымен бірге салық заңнамасына сәйкес жеке тұлға бұрын ұсынған активтер мен міндеттемелер туралы декларациясына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілуі қажет болса, қосымша декларацияны тапсыруына болады, — делінген хабарламада.
2021 жылғы 15 қыркүйекте жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңінің активтер мен міндеттемелер туралы декларациясын тапсыру мерзімі аяқталған болатын.
Жеке тұлғалардың декларациялары бойынша мерзімді ұзарту құқығы салық органына мерзімді ұзарту туралы хабарлама жіберілместен, мерзімді қызметтегі әскери қызметкерлерге беріледі.
Жеке тұлғалардың декларацияларын әскери қызметкерлердің ұсыну мерзімі жергілікті әскери басқару органынан әскери қызметті өткеру орнына кетуі туралы бұйрық шығарылған күннен бастап мерзімді қызметті өткеру уақыты кезеңіне ұзартылады.