Басты бетЖаңалықтарПрезидент: QazVac...

Президент: QazVac вакцинамыз сын тезінен лайықты өтті

QazVac вакцинамыз сын тезінен лайықты өтті. Клиникалық сынақтар оның тиімділігін дәлелдеді. Біз препаратты гуманитарлық көмек ретінде көршілес елдерге жеткізе бастадық, − деді Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбедегі Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында.

Президент қазақстандық тағы екі ғылыми әзірлемелер, яғни NARUVAX C-19 пен NARUVAX C-19 NANO коронавирусқа қарсы кандидат вакцина ретінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының реестріне енгізілгенін айтты.

Сонымен қатар мемлекет басшысы ШЫҰ елдерінде вакциналау паспорттарын өзара тану рәсімдерінің жылдамдатылуы мемлекеттер тап болған қиындықтар мен қатерлерді еңсеруге ықпал ететініне сенімді екенін атап өтті.