Иманбек Зейкенов «Жыл жаңалығы» сыйлығын жеңіп алды

Grammy сыйлығы, аудиоплатфоралардағы миллиардтаған тыңдалым және әлемдік музыкалық компаниялармен, лейблдармен келісімшарттар. Рэпер Saint Jhn-нің Roses трегіне жасаған ремиксы биыл әлемнің түпкір-түпкірінде қойылған қазақстандық диджей әрі продюссер Иманбек Зейкенов үшін бұл бастамасы ғана екеніне сенімдіміз, − деп мәлімдеді GQ басылымы.

Осы санатқа тағы Федор Федотов, Владимир Онохов, Soda Luv және Евгений Сангаджиев ұсынылған еді.

Еске сала кетейік, Иманбек Зейкенов биыл наурыз айында музыка саласындағы ең беделді Grammy сыйлығын жеңіп алды. Содан соң мамыр айында өткен АҚШ-тағы әлемдік деңгейдегі Billboard Music Awards сыйлығының иегері атанды.