Басты бетЖаңалықтарЕліміздегі ауасы...

Еліміздегі ауасы ең лас қалалар белгілі болды

Зұлфұхар Жолдасовтың орта мерзімді перспективада неғұрлым ластанған 10 қаланы газдандыру және баламалы энергия көздеріне көшіру қажет екенін атап өтті.

Қазгидрометтің экологиялық мониторингінің нәтижелері бойынша 45 өнеркәсіптік қала мен мегаполистің 10 қаласы атмосфералық ауаның жоғары ластану деңгейіне жататыны көрсетілді. Бұл Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен, Жезқазған және Шымкент, − деді комитет төрағасы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте.

Комитет төрағасы қалалардағы атмосфералық ауаның ластану себептерін үш санатқа бөлуге болатынын айтты.

Мәселен, Алматы және Нұр-Сұлтанда ластанудың негізгі пайызы жылу көздеріне, автокөлікке және жеке секторға, ал Өскемен және Теміртауда эмиссиялардың ең көп көлемі өнеркәсіпке тиесілі. Ақтөбе және Атырауда ескірген кәріздік-тазарту құрылыстары жоғары ластанудың себебі болып отыр, − дейді Зұлфұхар Жолдасов.