Алматы маңында жер сілкінді

Станса 16 қыркүйекте cағат 12:31-де (Гринвич бойынша 06:31-де) жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 122 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында болған.

Энергетикалық класы – 9.1. MPV магнитудасы – 3.9. Жер сілкінісі эпицентрінің бағыты – 42.15° с.е. 76.49° ш.б. Тереңдігі – 20 шақырым. МSК-64 шкаласы бойынша сезінушілік туралы мәліметтер жоқ, – делінген кезекші оператордың хабарламасында.