Басты бет Жаңалықтар Елімізде тұрақты ауа райы сақталады

Елімізде тұрақты ауа райы сақталады

Синоптиктердің болжауынша, бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады, тек солтүстік-шығыста және оңтүстікте тұрақсыз ауа райы сақталады.

Бүгін еліміздің кей өңірлеріне тұман түседі. Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста көктайғақ болып, жел күшейуі мүмкін.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-23 м/с күшейіп, жаяу бұрқасын күтіледі.

Оңтүстік Қазақстан облысында тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының кей аймақтарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Алматы облыстарының кей жерлерінде, түнде Шығыс Қазақстан облысына тұман түседі деп болжануда.

 

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version