Елімізде тұрақты ауа райы сақталады

Бүгін еліміздің кей өңірлеріне тұман түседі. Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста көктайғақ болып, жел күшейуі мүмкін.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-23 м/с күшейіп, жаяу бұрқасын күтіледі.

Оңтүстік Қазақстан облысында тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының кей аймақтарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Алматы облыстарының кей жерлерінде, түнде Шығыс Қазақстан облысына тұман түседі деп болжануда.

 

ДереккөзBaq.kz