Агенттік өкілінің айтуынша, 18 оператор реттеуді талап етпейді. Себебі олар қоғамдық қызметтерді жүзеге асырады және табыс таппайды. Ал қалған 24 операторға қатаң антимонополиялық реттеуді қамтамасыз ету ұсынылып отыр.
Мемлекеттік және жеке операторлардың қызметін реттеу – маңызды қадам. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасы. Бүгінде Кәсіпкерлік кодекс мемлекеттік монополия жүргізудің негізін айқындайды. Сонымен қатар Қазақстанда мемлекеттік монополия құрмай-ақ қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыруға заңнамалық тұрғыда бірегей құқық беру тәжірибесі қалыптасқан. Іс жүзінде мемлекеттік және жеке оператор деп аталатын балама институт қалыптасқан, – деді ол Мәжіліс отырысында.
Рүстем Ахметов елімізде 51 оператор анықталғанын және олардың 47-сі мемлекеттің қатысуымен құрылғанын атап өтті.
Әрі қарай оларға да мемлекеттік монополия субъектілеріне қолданылатын құқықтық шектеу режимі қатысты болады. Қазірдің өзінде 9 операторға қатысты түбегейлі шешім қабылданып, 4-еуі жойылды. Ал 5-еуі осы жылдың ішінде оператор мәртебесінен айырылады.