Алп Ер Тунга Ерсой Алматы әуежайының президенті болды

2021 жылғы 14 қыркүйектегі Директорлар кеңесінің шешімімен атқарушы органның құрамына келесі өзгерістер енгізілді: президент Эркал Кадри Мете шығарылды; Алп Ер Тунга Ерсой – президент болып тағайындалды, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, «Алматы халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамының акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде.

Еске салайық, сәуір айында TAV Airports (Groupe ADP құрамына кіреді) компаниясы Қазақстанның ең көп жұмыс істейтін әуежай – Алматы әуежайының операциялық қызметін басқаруды мойнына алған болатын.