Nur Otan мен Antikor жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұсыныстарды талқылады

Кездесу барысында президент жолдауда алға қойған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі стратегиялық құжат – тұжырымдама дайындау жөніндегі міндеттер талқыланды, онда мемлекет басшысы тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жоюға назар аударды.

Осы тапсырманы іске асыру үшін біз стратегиялық құжатпен жұмыс істейміз. Бұл бағытта Nur Otan партиясының Алматы филиалының да потенциалы маңызды. Осыған байланысты, сарапшылардан, партияның сараптамалық қоғамдастығынан аталған бастаманы қолдауды, нақты ұсыныстар беруді, тұжырымдаманы партияның қалалық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің талқылауына шығаруды сұраймыз, — деді Алматы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Мұрат Ахметов.

Антикор

Өз кезегінде, партия филиалы сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу жұмыстарын күшейту бойынша стратегиялық құжатты әзірлеуде, сондай-ақ бірлескен меморандум аясында заң көмегін көрсетуде бірлескен жұмысқа дайын екенін мәлімдеді.

Партия жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесі бірқатар маңызды жүйелі мәселелерді қарады. Мемлекеттік құрылымдардағы сыбайлас жемқорлық жағдайына, олардың мемлекеттік қызметтер көрсетуіне және бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын бақылауға бағалау мен талдау жүргізіледі. Біз «Адалдық алаңы», «Саналы ұрпақ» жобалық кеңселерінің басшылары ретінде талқылауларға қатысамыз және бірқатар ұсыным жолдаймыз. Қазір мемлекет басшысының тапсырмасы бар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі стратегиялық құжатқа ұсыныстар енгізілетін болады, — деді «Алматы — адалдық алаңы» басшысы Айнұр Сабитова.