Antikor мен Nur Otan алматылықтарға заң бойынша кеңес берді

Кездесуде бірлескен бастамалардың перспективалары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзушылықтардың жолын кесуге жәрдемдесу мәселелері талқыланды.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында азаматтық қоғаммен өзара іс — қимыл, азаматтардың мәселелерін шешу, мемлекеттік органдардың дереу кері байланысы, мемлекеттік органның ашықтығын, айқындығын және транспаренттілігін арттырады, — деді «Ізгілік елшішісі» республикалық еріктілер қозғалысының жетекшісі Айнұр Сәбитова.

Қалалық филиал төрағасының бірінші орынбасары Мейіржан Отыншиевтің айтуынша, партия жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес кейінгі уақытта бірқатар маңызды жүйелі мәселелерді қарады.

Партия мүшелері мемлекеттік басқару құрылымдарының сыбайлас жемқорлық жағдайына, олардың мемлекеттік қызметтер көрсетуіне және бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын бақылауға тұрақты бағалау мен талдау жүргізеді, — деді Мейіржан Отыншиев.

Антикор, құқық, кеңес, Мейіржан Отыншиев
Фото: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы департаменті

8 айда кеңес 40 отырыс өткізді. Есепті кезеңде екі жүзден астам ұсынымдар қабылданды, олардың 73%-і орындалған.

Өз кезегінде, қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін арттыру және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою үшін бастауыш партия ұйымдарының өкілдерімен 40 семинар-кеңес өткізілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Ахметов сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған партиямен бірлескен және келісілген іс-қимылдарды іске асырудың маңыздылығын айтты.

Антикор, құқық, кеңес
Фото: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы департаменті

Сонымен бірге екі ведомствоның заңгерлері мен адвокаттары мегаполис азаматтарын бірлесіп қабылдады. Осылайша, алматылықтар тұрғын үйден заңсыз айыру, меншік құқығы мен құқықтық көмек туралы даулар бойынша өтініш білдірді. Өтініштерді зерделегеннен кейін тұрғындарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында алғашқы кеңестер мен түсініктемелер берілді, сондай-ақ мәселелерді шешудің барлық мүмкін жолдары ұсынылды.

Алматылықтар күрделі сұрақтармен кеңесуге келеді. Біздің міндетіміз-өтініш берушілерге барынша жедел және кәсіби көмек көрсету. Азаматтарды бірлесіп қабылдау өтініштермен жұмыстың нәтижелілігін арттырады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыруда екі ведомствоның тиімділігін арттырады, — дейді Мейіржан Отыншиев.

Жұмыс кездесуінің қорытындысы бойынша өзара ынтымақтастық туралы үш жақты меморандумға қол қойылды.