Qazaq Air бортында жолаушы қайтыс болды

Ұшу кезінде салонның экипажы жолаушының науқас екені және шұғыл көмекке мұқтаж екені туралы ақпарат алды. Бортсерік жолаушы отырған орынға жақындағанда жолаушы ес-түссіз болған. Тексеру кезінде тамыр соғысы (пульс) мен тыныс алу белгілері болған жоқ. Ұшақтың командиріне мәлімет беріліп, жолаушылар көмекке шақырылды. Жолаушылар арасында болған дәрігер үндеуге құлақ асып, нұсқаулық бойынша бортсерікпен бірге жүрек-өкпе реанимациясын жүргізді, − делінген хабарламада.

Жағдайды ескерген ұшақ командирі жақын маңдағы әуежайға қону туралы шешім қабылдайды.

Экипаж әуе диспетчерлері арқылы жедел жәрдем шақырды. Жезқазған қаласының әуежайына келген дәрігерлер «өлім» туралы ресми хабарлады. Qazaq Air жолаушының отбасы мен жақындарына қайғысына ортақтасып көңіл айтады, − деп жазды әуе компанияның баспасөз қызметі.