Қазақстан Тәжікстанға әскери көмек көрсетеді

Бүгін Парламент Мәжілісінде Қазақстан мен Тәжікстан Үкіметі арасындағы тәжік-ауған шекарасына іргелес аудандарды қауіпсіздікпен қамтамасыз етуде әскери техникалық көмек көрсету туралы келісімді ратификациялау мәселесі қаралды.

Аталған келісімге 2021 жылғы 12 шілдеде Нұр-Сұлтанда қол қойылды. Келісімге сәйкес Қазақстан Республикасы Тәжікстанға әскери мүлікті өтеусіз беру түріндегі әскери көмек көрсететін болады. Комитет осы заң жобасын жұмысқа қабылдап, тиісті қорытынды әзірлеуге дайын. Қолдауларыңызды сұраймын, − деді Айгүл Құспан.

Дауыс беру қорытындысы бойынша Мәжіліс депутаттары ұсынысты қолдады. Егер Парламент заң жобасын бекітсе, Қазақстан Тәжікстанға әскери көмек ретінде 3 миллионнан астам қару-жарақ береді.