Ғани Хамзин Мәжіліс депутаты болды

Бүгін біздің қатарымызға тағы бір депутат қосылып отыр. «Ақ жол» партиясының тізімі бойынша Ғани Болатұлы Хамзин Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен Мәжіліс депутаты ретінде тіркелді. Осыған байланысты Конституциямыздың 51-бабының 6-тармағына сәйкес Парламенттің депутаты Қазақстан халқына ант береді, − деді Нұрлан Нығматулин Мәжілістің жалпы отырысында.

Мәжілістің жалпы отырысы ашылғаннан кейін Конституцияға сәйкес депутат ел алдында ант берді.

Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерді адал атқаруға ант етемін, − деді Ғани Хамзин.