Биыл Қазақстаннан 18 мыңнан астам адам кетті

2020 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда республика шегінде көшіп-қонушылардың саны 10,6%-ке артты, − деп атап өтті Ұлттық статистика бюросының өкілі.

Мәліметтерге сүйенсек, елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттері арасында жүріп жатыр. ТМД елдерінен келгендердің үлесі 84,3%-ті, көшіп кеткендердің үлесі жалпы көшіп-қонушылар санының 85,4%-тін құрап отыр.

Өңіраралық орын ауыстырулар бойынша халықтың көші-қонының оң сальдосы республиканың 4 өңірінде қалыптасты: Алматы (16 902 адам), Нұр-Сұлтан (14 222 адам), Шымкент (8 965 адам) және Маңғыстау облысында (310 адам).