Алматыда Esquire журналының іс-шарасына тыйым салынды

Алматыда Esquire журналының табиғат аясындағы дәстүрлі мерекесінің алдын алу бойынша шаралар қабылданады.

Алматыдағы санитарлық-эпидемиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов қабылданған шаралар жөнінде егжей-тегжейлі айтып берді.

Таза ауада демалудың ерекше үлгісін қалыптастырған кезекті шара 18 қыркүйекке жоспарланған. Алматыдағы гольф клубтардың бірінде өтетін шараға “Ashyq” арқылы кіруге болатыны алдын ала хабарланды. Дегенмен, Санитарлық-эпидемиялық бақылау департаменті Алматыда жаппай іс-шара өткізуге тыйым салынғанын атап өтті.

Бұл шараның алдын алу үшін мониторинг тобы жіберіліп, жолға патрульдік полиция көлігі қойылды, − деді Сәдуақас Байғабылов.