Алматы облысында мектеп директоры асылып қалды

Белгілі болғандай, 1975 жылғы ер адам өз үйінде асылып қалған. Марқұмның артында үш баласы, жұбайы қалды. Екі баласы студент, бір баласы мектепте оқиды.

Азизжан Турсунович Дараев 2011 жылдан бастап осы уақытқа дейін Үлкен Ақсу ауылындағы Ғ.Садвакасов атындағы орта мектептің директоры болып жұмыс істеген. Үйленген, отбасы бар, − делінген ведомствоның хабарламасында.

Бүгінгі таңда Ұйғыр аудандық полиция бөлімінде болған жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.