Басты бетЖаңалықтарПТР анықтамасы жоқ ресейліктерге Қазақстанға кіруге тыйым салынды

ПТР анықтамасы жоқ ресейліктерге Қазақстанға кіруге тыйым салынды

Мәліметтерге сүйенсек, кейінгі тәулікте шекара арқылы 684 адам өткен. Оның ішінде 454 жаяу жүргінші және 230 фура жүргізушісі бар.

Карантин стационарына 7 қазақстандық жатқызылды. Көлік өткелдерінде коронавирустың анықталған оқиғалар болған жоқ. ПТР-тестілерінің теріс қорытындысы бар анықтамаларды ұсынбаған Ресей Федерациясының 11 азаматына Қазақстанға кіруге тыйым салынды, − деп хабарлады департамент өкілі.

Осыған орай бақылау мониторингі өңірдегі мемлекеттік шекарадан өткізудің төрт автомобиль өткелін жіті қадағалап отыр. Шектеу енгізілгеннен бері аймаққа 193 776 адам келген. Бұл кезеңде 41 033-і ПТР-тест өткізген. Оның 262-сі вирусты сырттан әкелгені анықталды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да