1 қарашадан бастап «Мерке — Бұрылбайтал» жолының барлық учаскесі ашылады

Мерке ауылынан Шу қаласына дейін қозғалыс жаңа асфальтбетон – 51,5 шақырым бойынша іске асырылады, 38,9 шақырымы – қолданыстағы жол бойынша, 4,62 шақырымы – айналма жолдары арқылы, — делінген хабарламада.

Шу-Бурылбайтал учаскесіндегі қозғалыс жаңа асфальтбетон – 98,5 шақырым бойынша жүзеге асырылады, 26,1 шақырымы – қолданыстағы жол бойынша,  46,4 шақырымы – айналма жолдары арқылы.

Айта кетейік, биыл 1 қарашадан бастап «Мерке — Бұрылбайтал» жобасының барлық учаскесінде қозғалыс ашу жоспарланып отыр.