Алматыда жыл соңына дейін қанша тұрғын үй пайдалануға беріледі?

Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев Алматының қоғамдық кеңес отырысында мәлімдеді.

Оның ішінде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 248 мыңнан астам қолжетімді тұрғын үй бар екенін атап өтті. Мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үйлер қаланың жаңа, дамыған аудандарында салынып жатыр.

Онда қала тұрғындарының жайлы тұруы үшін қажетті жағдайлар жасалады, ең алдымен: мектептер, балабақшалар, барлық жерде іргелес аумақ абаттандырылады, сондай-ақ медицина ұйымдары салынады.

Алматы қаласы жайлы қалалық орта басқармасына 60 әлеуметтік нысан кіреді, оның ішінде 38 нысан биыл, 22 нысан келесі жылы аяқталады. Жаңа Алматы кешенді жоспар аясында Томирис, Саялы, Қалқаман-2, Дархан, Мәдениет, Қайрат, Нұркент шағын аудандарында 12 600 орындық 8 мектеп салынып жатыр, оның ішіндегі 3 мектеп бір жылдың ішінде пайдалануға беріледі, – деді Мұхит Әзірбаев.