Коронавирус пен пневмония жұқтырған 83 қазақстандық қайтыс болды

Денсаулық сақтау министрлігінің 14 қыркүйектегі мәліметі бойынша, 76 858 адам (68 526 + және 8 332 КВИ-) короновирус инфекциясынан емделіп жатыр.

Олардың ішінде стационарда 15 308 пациент, амбулаторияда 61 550 науқас ем алып жатыр.

Коронавирус пен коронавирус пневмониясын жұқтырған 1 196 адамның жағдайы ауыр, 345 пациенттің жағдайы өте ауыр. 194 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, – делінген министрлік таратқан хабарламада.

Статистика

Айта кетейік, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны азайып келеді. Өткен тәулікте 2 801 адамнан коронавирус анықталды.