Қазақстанда үш ауысыммен жұмыс істейтін қанша мектеп бар?

Білім және ғылым министрлігінің деректеріне сәйкес, бүгінде республикада жалпы контингенті 250 мың бала болатын 147 мектеп үш ауысымда жұмыс істейді. Олардың ең көп саны Алматы (50), Маңғыстау (16) облыстарында және Шымкентте (14) орналасқан.

Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов орталық және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен негізгі әлеуметтік мәселелер бойынша өткізген кеңесте белгілі болды.

Вице-премьер үш ауысымды оқыту, оқушы орындарының тапшылығы проблемаларын жедел шешудің маңызын айтты.

Ол үшін оңтайлы шешім — жылдам тұрғызылатын аз шығынды модульдік мектептер салу, — деді Ералы Тоғжанов.