Маңғыстау облысында жалған вакцинация паспортын сатқан сегіз адам ұсталды

Маңғыстау облысының полиция департаменті 6 қыркүйекте жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде, процедурадан өтпеген адамдарға жалған вакцинация паспорттарын сатқан дәрігерлер мен делдалдарды, барлығы сегіз адамды ұстағанын мәлімдеді.

Олар деректер базасында ресми тіркелген құжат үшін 30-50 мың теңге алған. Күдіктілер 150-ден аса тұрғынға жалған паспорт сатқандарын мойындаған.

Қылмыстық кодекстің 385-бабы 2-бөлігі («Бірнеше рет немесе адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасаған жалған құжаттарды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу) бойынша соталды тергеу басталды.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр.