Jusan мектепке барады!

Бірінші қыркүйекте еліміздегі барлық мұғалімге гүл шоқтары сыйға берілді, ал Jusan Bank сыйға 5000 бонус және пайызсыз кредит сыйлады!

Jusan мектепке барады

Қоңырау мұғалімге арналған

Қыркүйекте әрқайсымыз бақытты балалық шақты еске алатынымыз анық: алғашқы қоңырау, бірінші сынып және ұстазға ұсынылған алғашқы гүл шоғы. Jusan Bank Білім күніндегі осы бір әдемі мерекелік көңіл-күйді жалғастыра отырып, Қазақстан ұстаздарына сыйлықтар әзірледі. Jusan Bank бұл мерекеге аса ыждағаттылықпен қарайды, себебі банк құрылтайшылары қатарында – Назарбаев университеті және «Назарбаев зияткерлік мектебі» бар, демек оқытушыларға қолдау көрсету – бұл әріптестерімізге, ертеңгі күні студент атанатын жас ұрпақтың білім деңгейіне деген қамқорлық!

Сынып жұмысы

Ұстаздарға Jusan Bank ұсынған сыйлық — халық арасында кеңінен танымал, кеңейтілген функционалы бар Jusan Pay картасы. Біріншіден, картаны жалақы картасы ретінде ресімдеуге болады, бұл операция жалақы жобасына қосымша шарт жасамай-ақ жүзеге асырылады, есептеу бөліміне карта деректемелерін ұсынсаңыз жеткілікті. Екіншіден, картаны ашқанда екі бонусқа ие боласыз – жалақы бірінші рет түскен кезде 2000 теңге және екінші рет түскенде 3000 теңге беріледі.

Үшіншіден және ең бастысы –Jusan Pay картасы арқылы мұғалімдер 1 айға дейінгі мерзімге жалақы мөлшерінде пайызсыз кредит ала алады!

Үй жұмысы

Jusan Pay картасы — Jusan Дүкен деп аталатын керемет шоппинг кеңістігіне апаратын тура жол. Jusan Дүкеннен бәрін сатып алуға болады: азық-түлік және дәрі, гаджеттер және тұрмыстық техника, қызметтердің барлық түрі, оның ішінде медициналық және білім беру қызметтері де бар. Тек осы жерден жақсы жеңілдіктер мен бөліп төлеудің ыңғайлы шарттарын таба аласыз!

Jusan Pay картасын өз смартфоныңыздан Jusan мобильді қосымшасы арқылы басқаруға болады,  бұл қосымша сізге қаржыңызды оңай және тиімді басқаруға: тауарлар мен қызметтерге төлем жасауға, ай сайынғы төлемдер жасауға, ақша аударуға, онлай кредит беруге және автосақтандыру қызметін алуға көмектеседі. Айтпақшы, картаны мобильді қосымша көмегімен ашуға болады, оны курьер өз таңдауыңыз бойынша үйіңізге немесе жұмыс орнына тегін жеткізіп береді.

Қосымша дайындық

Әрине ересек, салиқалы адамның өміріне де ойын немесе қызықты ұтыс элементтері керек. Сондықтан да, Jusan Pay карталары бойынша қарапайым ережелерден тұратын бонустық ойын жүйесі әзірленген: Jusan мобильді қосымшасында жасалған саудаға автоматты түрде бонустар есептеледі және сіз ай сайын дербес деңгейлерге шығып отырасыз, осы деңгейлер  арқылы сізге тауар және қызметтердің көптеген категорияларында жоғарылатылған бонустар беріліп отырады.

Сыныптан тыс оқу

Мұғалімдерге арналған Jusan Pay – бұл Қазақстанның мұғалімдеріне Jusan Bank ұсынған керемет сыйлық. Бұл картада Jusan эко-жүйесінің маңызды функциялары, тамаша мүмкіндіктері мен ерекше артықшылықтары біріктірілген. Мұғалімдер  қыркүйектен бастап Jusan Pay бонустарын ала бастайды, ал пайызсыз кредитті 22 қыркүйектен бастап ресімдеуге болады. Өнім бойынша толығырақ ақпаратты 7711 қысқа нөміріне хабарласу арқылы немесе банк сайтындағы виртуалды кеңесшіден алуға болады.