Басты бетБілімАлматы облысында 244 класс карантинге жабылды

Алматы облысында 244 класс карантинге жабылды

Қазіргі таңда өңірде оқушылардың 90%-і штаттық режимде, 64 мыңы аралас форматта оқиды. Денсаулығына байланысты 517 оқушы қашықтан білім алып жатыр.

1 қыркүйектен бастап облыс бойынша балабақшалардың тәрбиеленушілері арасында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 18, оқушылар арасында 209  және педагогтар арасында 47 дерегі тіркелді. Қалалар мен аудандардың санитар дәрігерлері облыстың 120 мектебінің 244 класында карантин енгізу туралы 176 қаулы шығарды. 3,5 мың оқушы мен мұғалім үй карантиніне ауыстырылды, — деді Батыржан Байжұманов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингінде.