Александр Винокуров Ironman 70.3 чемпионы атанды

Александр Винокуров Ниццада өткен Ironman 70.3 чемпионы атанды. Ол жүзуден, жүгіруден және велосипедтен тұратын қашықтықты 4 сағат 55 минут 22 секундта бағындырды.

Отыз жыл ішінде Қазақстан мен біздің халқымыз үлкен қиындықтарды бастан өткерді және орасан зор күш-жігердің арқасында әсерлі нәтижелерге қол жеткізді. Өте қиын және өзіме деген сенім мен үлкен күш-жігерді қажет ететін бүгінгі жарыстағы жеңісімді Отаным Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арнаймын, – деп жазды Александр Винокуров Instagram-дағы парақшасында.