Қазақстандық кәсіпорындар 2 трлн теңге көлемінде шығынға ұшырады

2015 жылдың ІІІ тоқсанында қазақстандық кәсіпорындар 5,6 трлн теңге көлемінде өнім өндірген. Тауарлардан түскен кіріс көлемі — 7,5 трлн теңге. Комитет мәліметіне сәйкес, 2014 жылы түскен кіріс 1,8 трлн теңгеден асса, 2015 жылдың ІІІ тоқсанында кәсіпорындар 2 трлн теңге шығынға ұшыраған.
2015 жылғы есеп бойынша ІІІ тоқсандағы салық салынғанға дейінгі шығын транспорт және сақтау орындарында (-918,7 млрд теңге), мамандандырылған ғылыми, техника саласында(-890 млрд тенге), жылжымайтын мүлік операциясын жүргізу ісінде (-265 млрд теңге) тіркелген. Ал өңдеу өнеркәсібіндегі шығын — 241,7 млрд теңге.Кейбір экономика саласындағы кәсіпорындардың түсімі артқан. Мысалы тау-кен өндірісі кәсіпорындарының түсімі салық салынғанға дейін — 361,7 млрд теңге, құрылыс саласы – 105,3 млрд теңге, ақпарат жән байланыс – 27,3 млрд теңге, тұрғын-жай мен тамақтану қызметі  – 18,8 млрд теңгені құрады.

Комитет мәліметі бойынша 2015 жылдың ІІІ тоқсанында кәсіпорындарға түскен пайда 16%-ға азайған. Ал 2014 жылы керісінше 25,6% пайда болған.

Дереккөз7kun.kz