Басты бетМедицинаҚазақстанда вакцинаны толық салдырғандар саны 6 миллионға жуықтады

Қазақстанда вакцинаны толық салдырғандар саны 6 миллионға жуықтады

2021 жылғы 13 қыркүйектегі мәлімет бойынша Қазақстанда I компонентпен 7 087 994 адам, II компонентпен 5 906 080 адам вакцина салдырды, – делінген хабарламада.

Вакциналау бойынша Алматы мен Түркістан облысы көш бастап тұр. Алматыда коронавирусқа қарсы вакцинаның бір компонентін 910 482 адам салдырған. Ал Түркістан облысында екпе алғандар саны – 803 744.

Ең төмен нәтиже Маңғыстау облысында тіркеліп отыр. Өңірде 149 171 адам коронавирусқа қарсы екпенің бір компонентін, ал тек 117 920-сы екінші компонентін ғана салдырған.

вакцина
coronavirus2020.kz

Еске сала кетейік, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны азайып жатыр. Өткен тәулікте 3 088 адамнан коронавирус анықталды.