Нұр-Сұлтандағы мекемеде карантинге қарамастан 500-ге жуық адам болған

Кеше, 11 қыркүйекте Нұр-Cұлтанның мониторинг топтары қаладағы 12 мекемеде карантин шектеулері бұзылғанын анықтады.

Ең көп бұзу дерегі Есіл ауданында тіркелді. Тексеріс кезінде Zima барлар галереясында 500-ге жуық адам болған. Cabera гриль-барында, «Панаехали» барында, Khan El-Khalili кафесінде, «Мята Platinum Nursaya» ресто-барында, Tequila барында жұмыс режимі сақталмаған.

Алматы ауданында «Киш Миш» кафесі, «Tema» компьютерлік клубы, «Панаехали» атмосфералық бары және «Что Будет Дальше» караоке-бары карантин бұзушылар тізіміне енді.

карантин
Фото: Нұр-Cұлтан әкімдігінің ресми сайты

Сарыарқа ауданында орналасқан «Амарин» және «Шашлыкофф» мейрамханаларында да карантин шектеулері ескерілмеген.

Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған барлық материал әкімшілік сипаттағы шаралар қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға берілді.

карантин
Фото: Нұр-Cұлтан әкімдігінің ресми сайты

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекцисын жұқтырғандар саны азайғанына қарамастан, қала әлі де «қызыл» аймақта.