Лисаковтағы атыстан зардап шеккен тағы бір адамның жағдайы ауыр

33 жастағы әйелдің жағдайы өте ауыр. Ал полиция қызметкерінің иығына ота жасалады.

1988 жылғы әйелдің іш қуысы мен кеудесіне оқ тиген. Ота жасалды, қазір жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы өте ауыр. Полиция қызметкері де ауруханада, операция жасалады, иығына оқ тиген», — деп хабарлады Қостанай облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Еске салайық, ер адам Лисаковтағы тұрғын үйдің кіреберісінде аңшы мылтығымен оқ атты. Бір әйел қайтыс болды, тағы біреуі ауыр жарақат алды. Ол полиция қызметкерін де жаралады.

Оған полиция қару қолдануға мәжбүр болды. Күдікті жарақат алып, кейінірек жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

ДереккөзTengrinews.kz