Қазақстан оқушылары Балқан олимпиадасында 5 медаль жеңіп алды

Қазақстан атынан Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды қалаларынан 6 оқушы қатысты.

Жеңімпаздар қатарында күміс медаль иегері Таир Сатубалдин, қола жүлдегерлер — Нұрасыл Әбдіразақ, Рахим Баймурзин, Юрий Тен, Батырхан Сакенов және Құрмет грамотасымен марапатталған Сам Фетуллах бар.

Олимпиаданың турнирлік күнінде жас математиктердің алдына қиын міндет қойылды. Олар төрт тапсырманы шешуі керек болды. Әр дұрыс шешім үшін қатысушылар 10 ұпай алды. Біздің оқушылар Балқан елдері, сонымен бірге Ұлыбритания, Италия, Әзірбайжан, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінің білім алушылары қатысқан жарыста жақсы нәтижелер көрсетті. Оқушыларымыз әлемдік шыңдарды бағындырып, Қазақстанды лайықты деңгейде танытуы үшін дарынды балаларды іріктеу және ел ішінде олимпиадалар өткізу бойынша жұмыстарды жалғастырамыз, — деді «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Тимур Нұркешов.

Биыл математикадан Балқан олимпиадасы 6-10 қыркүйек аралығында өтті.

Олимпиадаға 18 елден 100-ден астам оқушы қатысты. Командалық есепте Қазақстан ұлттық құрамасы 6-орынға тұрақтады.