Нұр-Сұлтанда карантин шектеулері жеңілдейді

Қаулыға сәйкес, 2021 жылдың 12 қыркүйегінен бастап жексенбі күндері қалалық қоғамдық көліктің жұмысына рұқсат етіледі.

Қалалық қоғамдық көліктің жұмысы («пик» сағаттарында автобустар санын көбейту, соңғы аялдамада салонды дезинфекциялау құралдарымен өңдеу, барлық есікті ашу, жолаушыларға қолжетімді орындарда тері антисептигі бар санитайзерлер орнату, әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтау және жолаушылар мен жүргізушілердің маска тағу) штаттық режимде жұмыс кестесімен», — делінген қаулыда.

Сонымен бірге діни бірлестіктердің жұмысына өзгеріс енгізілді.

Діни бірлестіктер объектілерінің жұмысына штаттық режимде (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және тағы басқа) жұмыс кестесін белгілей отырып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен ұйымдастырылсын. Мешіттер, православ шіркеулері және басқа да діни объектілер аумағында ашық ауада маска режимін және бір адамға кемінде 4 метр есебімен әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып өткізуді қоспағанда, ұжымдық діни іс-шараларды (оның ішінде «жұма намаз», күнделікті православиелік дұғалар және басқалар) өткізуге тыйым салынады. Діни бірлестіктер объектілерінің жанында орналасқан Ashyq жобасына қатысатын қоғамдық тамақтану объектілерінде 30-дан аспайтын адаммен еске алуды өткізуге рұқсат етіледі, — делінген құжатта.

Қаулының толық мәтінін мына жерден оқуға болады.