Елімізде үш қалада карантиндік шектеулер жеңілдетілді

Еліміздің бас санитария дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы шықты. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл ретте шектеу шараларын қатаңдату 5 күн бойы эпидемиялық жағдай күрделенген жағдайда (“жасыл” аймақтан “сары” аймаққа немесе “сары” аймақтан “қызыл” аймаққа көшу), карантиндік шараларды жеңілдету “қызыл” аймақтан “сары” аймаққа немесе “сары” аймақтан “жасыл” аймаққа көшкеннен кейін 7 күннен кейін жүргізіледі, − делінген құжатта.

Қаулыда облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдеріне, орталық мемлекеттік органдарға, құқық қорғау және арнайы органдарға мынадай міндеттер жүктелген:

1) жолаушылар ағынын төмендету және халықтың көп жиналуын болдырмау үшін “қарбалас сағаттарда” қоғамдық көлік санын ұлғайту;

2) ұлттық құрама, клуб командаларына адам санын 30-дан асырмай, термометрияны қолдана отырып, спорттық базада өмір сүру режимі арқылы жаттығуларға рұқсат беру;

3) қоғамдық көлікке, таксиге, әуежайларға, балалардың аула алаңдарына, азық-түлік және азық-түлік емес базарларға, басқа да қоғамдық орындарға санитария және дезинфекция өңдеуін жүргізу;

4) ҚР Ұлттық банкінің және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің актісі бойынша уақыты мен санын шектеу арқылы қаржы нарығы субъектілерінің қызметіне рұқсат беруді;

5) кеңестер мен отырыстарды қашықтан өткізу мүмкіндігі болмаған кезде көзбе-көз режимде өткізуге рұқсат беру;

6) өңірлердегі эпидемиялық жағдайды ескере отырып, “Балдәурен” республикалық оқу-сауықтыру орталығы” және “Бөбек” ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығы” РМҚК қызметіне рұқсат беру;

7) спортшылар мен жаттықтырушылар құрамы COVID-19-ға қарсы вакциналаудың толық курсын алғаны туралы құжаттама ұсынған жағдайда облыстық командаларды дайындау үшін оқу-жаттығу жиындарын қайта бастауға рұқсат беру;

8) әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеуді қамтамасыз ету.

“Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясы” акционерлік қоғамы жұмыс пойыздарын қоспағанда, жолаушылар пойыздарының құрамында ортақ вагондарды жасақтауды болдырмасын”, − деп жазылған жаңа қаулыда.

Қаулы 13 қыркүйек күні сағат 0:00-де күшіне енеді. Толық мәтінді мына жерден көруге болады.