Жамбыл облысында 7 жүкті әйел жансақтау бөліміне түсті

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Алмас Мәдиев өңірде коронавирус стационарында 36 жүкті әйел жатқанын, алайда жетеуі реанимацияға түскенін хабарлады.

Мәліметтер бойынша, өңірде коронавирус инфекциясы басталғалы бері 18 836 жағдай тіркелген. 100 мың тұрғынға шаққанда аурушаңдылық көрсеткіші 1 654 адамнан келеді екен.

Пнемониядан 7 117 жағдай тіркеліп, 100 мың тұрғынға шаққанда 625 адамнан келді. 1 қаңтардан 10 қыркүйекке дейін облыс аумағында жалпы инфекциямен 13 829 жағдай тіркелді. Оның ішінде 1 005 жүкті әйел, 3 601 бала стационарлық ем алды. 100 мың тұрғынға шаққанда аурушаңдық көрсеткіші 12 014 болды, − деді облыс әкімінің орынбасары Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингте.

Алмас Мәдиев аймақтағы аурушаңдық деңгейі кейінгі екі аптада 87 жағдайға азайғанын айтты.