«Алтын орда» базары маңындағы жол құрылысы қашан аяқталады?

Берік Камалиев Алматыға іссапар барысында «Алтын орда» базары маңындағы автожол учаскесін реконструкциялау жұмысымен танысып, реконструкция барысында көлік жолының сапасына ешқандай зақым келмейтінін атап өтті.

Алматы қаласындағы «Алтын Орда» базары ауданындағы автожол учаскесін реконструкциялау жұмыстарын алдыңғы мердігер компания қарқынды түрде жүргізе алмаған соң, оны жұмыстан шеттетіп, басқа мердігер компания, яғни «Сине Мидас Строй» компаниясымен келісімшарт жасастық. Қазір осы компания жұмыс жүргізіп жатыр. Қазір көріп тұрсыздар, көлік жолайрығындағы жұмыстың 90%-ы бітті. Қазан айының соңына дейін жұмыс толық аяқталады. Яғни қараша айының басында пайдалануға беріледі», − деді Берік Камалиев.

Сонымен қатар вице-министр облыстық жол зертханасы жол сапасын үнемі қадағалап, тексеріп отыратынын, әрі эстакаданың құрылысы жедел қарқынмен жүріп жатқанын айтты.