Атырауда 89 оқушы коронавирус жұқтырды

Гүлназ Ербатырованың мәліметінше, 1-5 қыркүйек аралығында мектеп жасындағы бір оқушы коронавирус инфекциясын жұқтырған.

Жазғы каникул кезінде мектеп жасындағы 88 бала қауіпті вирусқа шалдыққан. Олардың бәрі үйінде ата-анасымен байланыста болған. Ал 1 қыркүйектен кейін карантиндік оқшаулау жағдайындағы ата-анасымен жақын қарым-қатынаста болған бір оқушының коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Бірақ бұл оқушы мектепке бармағаны, сыныптастарымен байланыс жасамағаны белгілі болды, − дейді Гүлназ Ербатырова.