Huawei қазақстандық студенттерге арналған АКТ-байқауға тіркелу басталғанын хабарлайды

Жобаның мақсаты – талантты студенттерді қолдау, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) саласындағы біліми, ғылыми және қолданбалы жұмысты ынталандыру.

Huawei жас таланттарға арналған халықаралық АКТ-байқауларды жыл сайын ұйымдастырады. Өткен жылы «ICT Competition» байқауына 82 ел және 150 000-нан астам студент қатысқан болатын. Өнеркәсіптің барлық саласындағы зияткерлік және цифрлы өзгерістерге бағытталған жобаларының аясында компания 2024 жылға қарай АКТ саласында сертификатталған миллион маманды даярлап шығуды жоспарлап отыр.

Қазақстанда байқау 2 кезеңмен жүреді:

1-кезең: 1-15 қазан 2021

АКТ саласындағы желілік трек және бұлтты трек бағыттары бойынша теориялық білімді бағалауға арналған алдын-ала онлайн-тестілеу. Қатысушы екі бағыттың бірін таңдай алады.

2-кезең: 1-15 қараша 2021

АКТ саласындағы желілік трек және бұлтты трек бағыттары бойынша теориялық білімді бағалауға арналған ұлттық оффлайн-тестілеу және практикалық жарыс. Қатысушы екі бағыттың бірін таңдай алады.

Жеңімпаздарды марапаттайтын салтанатты шара 2021 жылдың желтоқсан айында өтеді.

Қатысу үшін өтінішті мына сілтеме арқылы 2021 жылдың 30 қыркүйегіне дейін жіберу қажет.

Байқаудың түрлі номинациядағы жеңімпаздары Huawei компаниясынан ноутбук, құлаққап, сағат және смарт-білезік секілді сыйлықтар алады. Қазақстандық студенттер үшін «ICT Competition» – Huawei брендінің заманауи девайстарын сыйға алудың ғана емес, мемлекеттер арасында өтетін жаһандық финалға шығудың да мүмкіндігі болып отыр.

Байқау ережелері:

  • Қаытсушы университет немесе колледж студенті болуы керек;
  • Қатысушының жеке компьютері және Интернетке еркін шыға алатын мүмкіндігі болуға тиіс;
  • Жүйеге студент ретінде тіркелу шарт. Тіркелуден өткен соң Қолданушы орталығында аккаунтты өз университетіне «байлап» қою талап етіледі. Ол үшін университет жүйеде Huawei АКТ Академиясында тіркелген болуы қажет. Ал ЖОО бұлай тіркелмесе, онда «Басқа» деген нұсқаны таңдау керек болады.
  • Байқаудың тек бір бағытын, яғни не желілік тректі, не бұлтты тректі таңдау керек (трек таңдалған соң оны өзгерту мүмкін емес);
  • Huawei сертификатын алуға арналған қосымша ұпайлар студент қатысқан трек бойынша ғана есептеледі;
  • Байқаудың ұлттық финалында қатысушылар жеке-жеке жарысады. Финал қорытындысы бойынша әр университеттің ең үздік үш студентінің ұпайларын қосу арқылы команда қалыптасады. Ең жоғары ұпайы бар команда аймақтық финалға өтеді;
  • Аймақтық финалға Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Беларусь студенттері қатысады. Командалар ең жоғары ұпай жинағы бар үш студент пен нұсқаушыдан (инструктор) тұратын болады;
  • Аймақтық финал жеңімпаздары байқаудың Жаһандық финалына өтеді;
  • Осыған дейін өткен Жаһандық финалдарға қатысушылар байқауға қайта қатыса алмайды.

13-28 қыркүйек аралығында Huawei өкілдері Huawei АКТ академиясын ашқан қазақстандық 13 университте студенттермен кездесу өткізіп, «ICT Competition» байқауы туралы толық әңгімелеп береді және қатысушылардың сұрақтарына жауап береді.

Кездесу өтетін күндер мен Қазақстан университеттеріндегі Huawei АКТ академияларының тізімі:

  • 13.09.21, Алматы – Қазақ-Британ Техникалық Университеті
  • 14.09.21, Алматы – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
  • 15.09.21, Алматы – Алматы технологиялық университеті
  • 16.09.21, Шымкент – М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
  • 20.21, Атырау – С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті
  • 22.21, Түркістан – Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
  • 24.21, Қарағанды – Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, Академик Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
  • 27.21, Нұр-Сұлтан – Л.Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық Университет, С.Сейфуллин атындағы Қазақ ұлттық аграрлық университеті
  • 28.21, Нұр-Сұлтан – Astana IT University