Берік Имашев орталық сайлау комиссиясының төрағасы болды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Берік Имашев орталық сайлау комиссиясының төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Берік Мәжитұлы Имашев Қазақстан Республикасы орталық сайлау комиссиясының төрағасы лауазымына тағайындалды, – делінген Ақорданың ресми сайтында.

Айта кетейік, Берік Имашев 1982 жылы Михайло Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. Университетті тәмамдағаннан кейін аудандық прокуроратураның тергеушісі болып еңбек жолын бастады.

Әрі қарай Қазақ КСР Прокуроры жанындағы аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі және аудан прокуроры ретінде қызмет атқарды.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының басқарма бастығы болды;

Сонымен бірге Алматы прокурорының бірінші орынбасары лауазымында жұмыс істеді.

1994 – 1997 жылдары “Казкоммерцбанк” акционерлік банкінің басқарма төрағасының орынбасары;

Мемлекеттік мүлік басқармасы жөніндегі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары;

Салық полициясы басқармасының бастығы – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік салық комитеті төрағасының орынбасары;

1997 – 1998 жылдары жеке заң фирмасының басшысы;

1998 – 1999 жылдары Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі;

Қазақстан Республикасының шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің төрағасы;

1999 – 2000 жылдары Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің төрағасы;

2001 – 2003 жылдары “Нефтеконсалтинг” ЖАҚ президенті;

2003 – 2005 жылдары Қазақстан Республикасы қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары;

2005 жылы мамыр — қазан айлары аралығында “Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ басқармасы төрағасының қызметін атқарды;

2005 жылы қазан айынан 2007 жылдың қаңтарына дейін Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігі басшысының орынбасары;

12 қаңтар 2007 жылы – Қазақстан Республикасы қауіпсіздік кеңесінің хатшысы;

2008 жылдың ақпанынан тамызына дейін – Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы қауіпсіздік кеңесінің хатшысы;

2012 – 2016 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы әділет министрі;

2016 жылғы 13 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы орталық сайлау комиссиясының төрағасы қызметін атқарып келеді.

“Құрмет”, “Парасат” ордендерімен, “Астанаға 10 жыл” медальдарымен марапатталған.