Францияда актер Жан-Поль Бельмондомен қоштасу рәсімі өтті

Өкінішке қарай, Франция ұлттық киносының аңызы Жан-Поль Бельмондо дүйсенбіде 88 жасқа қараған шағында қайтыс болды.

Актермен қоштасу рәсімі Париж мүгедектер үйінде болды. Француз туымен жабылған Белмондо денесі бар табыт «Профессионал» фильміндегі Эннио Морриконенің әуенімен аулаға шығарылды. Коронавирус шектеулеріне байланысты қоштасу рәсіміне санитарлық рұқсатнамасы бар мың адам адам ғана жіберілді. Қалғандары үшін сырттан үлкен экрандар орнатылды.

Қоштасу рәсіміне мемлекет басшысы келіп, туған туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Біз Жан-Поль Бельмондоны жақсы көреміз, себебі ол біз сияқты еді. Ұлылар арасындағы ұлы, бірақ ол ең алдымен адам болды, − деді Франция президенті Эммануэль Макрон өзінің салтанатты сөзінде.

Жан-Поля Бельмондо
Фото: rbc.r

Айта кетейік, Жан-Поль Бельмондоны жерлеу рәсімі жұма күні таңертең өтеді.